«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бал-Ерке» бөбекжай — балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бал-Ерке» бөбекжай — балабақшасы» 2011 жылы қазан айында ашылған
«Бал-Ерке» бөбекжай — балабақшасы» Алакөл ауданы Жайпақ ауылы Тайботанов көшесі 4 үй мекен жайында орналасқан. Жобалық қуаттылығы 40 орын
Материалдық техникалық базасы толық. Оқу тәрбие жұмыстары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып ұйымдастырылды.
2011 жылдың қазан айынан бастап «Бал -Ерке» балабақшасының меңгеруші қызметін атқарған Қабдыгалиева Азия Толепбергенқызы 2022 жылдан бастап зейнеткерлік жаста.
Қазіргі таңда «Бал-Ерке» бөбекжай балабақшасы өз қызметін жүргізуде..Балабақшада 8 педагог,12 кіші қызметкер жұмыс істейді.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген.Ұлттың бүгіні де,болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Баланың шын мәнісінде адам болып қалыптасуына қыруар уақыт пен тер төгесің, зор еңбекті қажет ететін ауқымы кең жауапкершілігі мол жұмыс.